Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекті қалай алуға болады
Мемлекеттік қызмет түрі жеке тұлғаларға кезек тәртібі бойынша, алдын ала жазылусыз және жедел түрде көрсетіледі.
2018 жылдың 1 қаңтарында тоқтатылған «Өрлеу» бағдарламасының орнына енді атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) келді. Атаулы әлеуметтік көмек орташа жан басына шаққандағы табысы кедейшілік шегінен төмен отбасыларына беріледі, деп хабарлайды Total.kz тілшісі.
Айта кетейік, бүгінде кедейшілік шегіндегі табыс көзі 14 850 теңгені құрайды.
Атаулы әлеуметтік көмек төлемақысы сөзсіз және шартты ақшалай көмек ретінде беріліп жатыр.
Сөзсіз ақшалай көмек:
1) Жалғызбастыларға немесе аз қамтылған жұмыс істеуге мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға беріледі:
- зейнеткерлік жасқа келгенде;
- бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі барларға;
- науқастанып қалғанына орай екі ай бойы еңбекке жарамсыз болғанда.
2) Аз қамтылған отбасыларына, еңбекке жарамды деген барлық отбасы мүшелері бірінші және екінші топтағы мүгедек болса немесе науқастанып қалғанына орай екі ай бойы еңбекке жарамсыз болғанда не болмаса:
- жеті жасқа дейін бала күтімімен;
- мүгедек-баланы қараумен;
- бірінші және екінші топтағы мүгедектерге;
- біреудің бағып-қағуына мұқтаж жандарға беріледі.
Шартты ақшалай көмек мына санаттағыларға беріледі:
- Жалғызбасты немесе аз қамтылған еңбекке жарамды тұлғаларға;
- Құрамында еңбекке жарамды мүшесі (мүшелері) бар аз қамтылған отбасыларына, ол (олар) жұмыспен қамту шарасына қатысу шартмен келіскенде және әлеуметтік бейімделу қажеттігі туындағанда.
Атаулы әлеуметтік көмекті жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын келесі санаттағы тұлғалар ала алады:
- ҚР азаматтары;
- оралмандар;
- босқындар;
- шетелдіктер ҚР-да тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғалар.
Қазақстандықтар АӘК құжаттарды egov.kz электронды үкімет порталы арқылы ұсына алады және сұрақтар туындаған жағдайда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қоғамдық қабылдау бөліміне жүгіне алады. Тел.: 8 (7172) 74-28-55, 74-34-53.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі:
- халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінгенде (құжаттар пакетін тіркеген күннен бастап) – 7 жұмыс күні;
- ауылдық округ әкімдігіне құжаттар пакетін тапсырған күннен бастап – 22 жұмыс күні;
- орталықта, ауыл әкімдігіндеқұжаттар пакетін тапсыру барысында күту уақыты– 30 минут;
- орталықта, ауыл әкімдігінде қызмет көрсетууақытының ұзақтығы– 30 минут.
Мемлекеттік қызмет түрі жеке тұлғаларға кезек тәртібі бойынша, алдын ала жазылусыз және жедел түрде көрсетіледі.
АӘК тапсыратын құжаттар тізімі:
- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш;
- құжат, ҚР азаматының жеке куәлігі немесе төлқұжаты, ҚР тұрақты тұратын шетелдіктің ықтиярхаты, азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі, босқын куәлігі, ал оралмандарға – сәйкестендіру үшін оралман куәлігі;
- жеке қосалқы шаруашылығы туралы мәлімет, тәртіп бойынша;
- АӘК төлемақысы бойынша құзырлы ұйымның банк есеп-шотының нөмірі туралы мәлімет;
- баланың туу туралы немесе қайтыс болуы туралы куәлік (барлық балаға);
- неке қиюды (бұзуды) тіркеу туралы куәлік, 2008 жылдың 1 маусымына дейін ҚР аймағында жүрігізлген тіркеу бойынша өтініш білдірушінің мәліметтері мен бала туу куәлігінде айырмашылықтар орын алған жағдайда;
- егер асырауындағылар он сегіз жастан жиырма үш жасқа дейінгіорта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында күндізгі бөлімде оқитын болса, оқу орнынан анықтама әкелу керек, ол оқу орнынан жылына бір рет сұралады.
Жұмыспен қамту шараларына белсенді түрде тартылып жатқан еңбекке жарамды отбасылардың мүшелері қоса тіркеледі:
- жұмыс іздеп жүрген тұлға ретінде тіркеуге өтініш беру;
- еңбек өтілін дәлелдейтін құжат (қолда болса).
16 жасқа толмаған тұлғаның атынан ата-анасы немесе еңбек қызметін жүзеге асыруға келісімберетін оның заңдыөкілдері жазбаша өтініш тәртіп бойынша ұсынады. Өтініш білдірушінің құжаттарының түпнұсқасы беріледі, бұл салыстыру үшін қажет.
Әкімдікте немесе орталықта ақпараттық жүйеге қолжетімділік болмаған жағдайда немесе ақпараттық жүйеде өтініш білдірушінің мәліметтерінде сәйкестік болмаған жағдайда, құжаттарға қосымша ретінде осы тармақшаның бірінші бөлімінде көрсетілгендей, мына құжаттар қоса тіркеледі:
- Отбасының әр мүшесіне тұрақты тұрғылықты жерінде тіркелгендігін дәлелдейтін құжат (мекен-жай анықтамасы);
- Баланың туу туралы (қайтыс болу) куәлігі (барлық балаға) – Қазақстан Республикасы аймағында 2007 жылдың 13 тамызынан кейін жүргізілген тіркеу бойынша;
- Неке қиюды (бұзуды) тіркеу туралы куәлік, 2008 жылдың 1 маусымына дейін ҚР аймағында жүрігізлген тіркеу бойынша өтініш білдірушінің мәліметтері мен бала туу куәлігінде айырмашылықтар орын алған жағдайда;
- Қамқорына алуды немесе асырап алуды тағайындаған жағдайда – қамқорына алуды немесе асырап алуды растайтын құжат;
- Мүгедекті тағайындаған жағдайда – мүгедектікті тағайындаған анықтама;
- Жеке кәсіпкер мәртебесін растайтын құжат.
Құжат тапсыру барысында қызмет алушыға өтініштің үзік талоны беріледі, онда тіркелген күні және мемлекеттік қызмет түрін алған күні, құжатты қабылдаған тұлғаның аты-жөні көрсетілген.