Топ-100 Қазақстанда шәует тапсырушы донор ретінде қалай ақша табуға болады
  • 08 декабря, 11:04
  • Астана
  • Weather icon -19
  • 514,65
  • 544,6
  • 5,17

Қазақстанда шәует тапсырушы донор ретінде қалай ақша табуға болады

Фото: wowhealthtip.info

Қазақстандық шәует тапсырушы донор айына 1 млн теңгеге дейін табыс таба алады.

Қазақстанда жылына жеті мыңға жуық экстракорпоральды ұрықтандыру бағдарламасын жүргізеді. Жыл сайын оның саны 10 пайызға артып отыр. Дәрігерлердің айтуынша, шәует (сперма) тапсырушы донор болуға ниет білдірушілер көп болғанымен, талап жоғары, іріктеуден оның тек бірен-сараңы ғана өтеді. Total.kz редакциясы Қазақстанда биоматериалдың доноры болуға ниетті жандарға таныстыру инструкциясын дайындады.

Кез-келген дені сау, медициналық тексеруден өткен, қарсы көрсетілімі жоқ адам донор бола алады. Ең бастысы биоматериал тапсыруға өз еркімен ниет білдіруі керек. Донор болуға ниет білдірушілер ЭКО-орталығына жеке куәлігін ала келуі тиіс.

ЭКО-орталық донорларға келесi талаптар қояды:

  • жасы 18-ден 35-ке дейiн;
  • бойы 170 сантиметрден жоғары;
  • соматикалық денсаулығы;
  • тұқым қуалайтын және туа біткен аурулар болмауы керек.

Биоматериалға қойылатын талаптар:

  • эякуляттың көлемi 1 мл-дан аса;
  • 1 мл эякуляттағы шәуеттердiң концентрациясы 60 миллиондан артық;
  • үдеген-қозғалтқыш нысандардың (А+В) үлесi 60% артық;
  • морфологиялық-қалыпты нысанның үлесi 60% артық;
  • криотолеранттық;
  • айғақтары бойынша – жыныс жасушаралының (сперматозоид) үстіңгі жағының иммуннокомпетентті денесін (МАР) айқындайтын тест.

Шәуетграмма (спермограмма) қалай тапсырылады:

Шәуеттің расталған зерттемесін алу үшін мына талаптарды орындау керек:

  • Шәует тапсырар алдында үш күн бойы жыныстық қарым-қатынастан тартыну.
  • Моншаға баруға болмайды. Себебі – ыстық температура шәуеттің сапасына кері әсер етеді.

Анализ тапсырардың алдында алкогольдік ішімдік ішуге, ащы және майлы тамақ жеуге болмайды.

Іріктеуден өту кезеңі:

1 кезең:

  • Шәуетті зерттеу тегін (шәуетграмма);
  • эякулят марфологиясын зерттеу+МАР-тест.

2 кезең:

  • Іріктеудің бірінші кезеңінен өтіп жатқан донорларға андрологтың қарауы және қортындысы тегін жүргізіледі.

3 кезең:

  • Медициналық тексеру.

Материалдық сыйақы:

  • Кешенді медициналық тексерудің шығыны дұрыс көрсеткіштерден кейін шәует тапсыру донорлығына келісім-шарт қол қойған жағдайда өтеледі.
  • Кейбiр клиникаларда қабылданбаған жағдайда да 15 мың теңгеден бастап төлемақы беріледі. Ал шәуеттің қабылданған үлесі  60 мың теңгеден бастап бағаланады.

Егер ер азамат барлық тексеруден өтіп, донорлыққа жарамды деп қабылданса, ол үш күнде бір шәует тапсыра алады. Осылайша, бір айдың ішінде жас жігіт 540 000 теңге табыс табады. Алайда криобанктің шарты бар: бір донордан 20 баладан артық болмайды. Бір клиникада донор 1 200 000 теңгеге дейін ақша таба алады.

Репродуктологтардың мәліметінше, ЭКО ең арзаны ТМД елдері ішінде Қазақстанда тіркеліп отыр. Қазақстандық клиникаларға шетелдік туристер белсенді түрде келеді, соның ішінде АҚШ, Германия, Израиль, Қытай және Үндістан азаматтары бар.

Смотрите также:

Предложить новость

Спасибо за предложенную новость!

Надеемся на дальнейшее сотрудничество.


×