Топ-100 Салауатты Қазақстан
  • 20 апреля, 18:12
  • Астана
  • Weather icon +22
  • 446,49
  • 475,38
  • 4,79

Салауатты Қазақстан

Тәуелсіздіктің 30 жыл ішінде медицина күрт өзгерді, әрі дамыды.

Әлемді дендеген коронавирус дерті Қазақстанды да айналып өтпеді. 2020 жыл барлығымыз үшін сын сағат болды десек қателеспейміз. Бірақ та осы қауіпті дертпен бетпе-бет күресуге алдымен дәрігерлер аттанды. Бастарын қауіпке тіккен ақ халатты жандар қиыншылыққа мойымай, COVID-19 дертіне уақытында төтеп бере алды.

Міне бүгін Тәуелсіздіктің 30 жылдығында Қазақ елі өз дәрігерлерімен мақтан тұта алады. Біздің елде тәжірибелі, өз саласының мықты мамандары жұмыс істейді. Олар күн демей, түн демей әрбіріміздің денсаулығымыз үшін жанын салудан аянбайды.

«Тәуелсіздіктің арқасында әрқайсысымыз қалаған мамандықтың иесі болып отырмыз. Өзіміздің сүйіп істейтін жұмысымызбен айналысудамыз. Мен де 9 жыл оқып, бүгінде дәрігер-терапевт мамандығыммен қызмет етудемін. Пандемияның алғашқы кезінде біз де халық секілді қатты қорықтық. Елді қалай емдиміз, қалай аман алып қаламыз деген үреу бойымызды биледі. Көптеген дәрігерлер апталап, айлап үй көрмей жұмыс істеді. Қауіпті дертті үйге тасымас үшін аурухананың кең дәлізінде қонуға мәжбүр болдық. Бұл тұрғыда медицина қызметкерлерінің ерен еңбегін бағаламай кету мүмкін емес», – деді елордалық Маржан Орынбаева.

Тәуелсіздіктің 30 жыл ішінде медицина күрт өзгерді әрі дамыды. Бұрын тек шетелде ғана алатын ем-домды бүгінде еліміздің тек ірі қалаларында емес, сондай-ақ аудан орталықтарында да қолжетімді болды. Кез-келген ота қазір Қазақстанда да қолжетімді. Түрлі медициналық зерттеулер де қолға алынды. Оған дәлел ретінде қазақ ғалымдары ойлап тапқан QazVac вакцинасын айта аламыз.

«Тәуелсіздіктің берген басты сыйы – шетелде білім алу, біліктілікті арттыруға қол жетті. Осының арқасында біздің дәрігерлер мықты маман болып шығуда. Мен өзім Тәуелсіздіктің құрдасымын және мұнымен мақтанамын», – дейді Маржан Орынбаева.

Смотрите также:

Предложить новость

Спасибо за предложенную новость!

Надеемся на дальнейшее сотрудничество.


×