Топ-100 Ер есімі — ел есінде
  • 18 апреля, 06:50
  • Астана
  • Weather icon +5
  • 448,89
  • 477,93
  • 4,76

Ер есімі — ел есінде

Ел тарихында елеулі орын алатын тұлғалардың құжаттары, суреттері, жеке тектік қорлары архивтерде сақтаулы.

2022 жылы 5 мамырда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі мен қаһармандығы үшін 8-ші гвардиялық Қызылтулы атқыштар дивизиясы 302-ші гвардия атқыштар полкі 2-ші атқыштар ротасының мергені Әбдібеков Төлеуғали Насырханұлына, 126-шы Горловка Қызылтулы атқыштар дивизиясы 690-шы атқыштар полкі 1-ші атқыштар батальонының командирі Несмиянов Александр Александровичке, 100-ші бөлек атқыштар бригадасы атқыштар батальоны 2-ші бөлімшесінің мергені-бақылаушысы Сүлейменов Ыбырайымға қайтыс болғаннан кейін Қазақстандағы ең жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі — Халық қаһарманы атағымен қоса айрықша ерекшелік белгісі — Алтын жұлдыз және «Отан» орденін беру туралы № 889 жарлыққа қол койды.

Ел тарихында елеулі орын алатын тұлғалардың құжаттары, суреттері, жеке тектік қорлары архивтерде сақтаулы. Қазақстан Республикасы президенті архивінің қор құрамында 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлердің де құжаттары бар.

Ағымдағы жылдың 5 мамырында Халық қаһарманы атағы берілген Төлеуғали Әбдібеков да құжаттары жинақталған. Архивтегі №893 қорында 8-ші гвардиялық Қызылтулы атқыштар дивизиясы 302-ші гвардия атқыштар полкі 2-ші атқыштар ротасының мергені Төлеуғали Әбдібеков түпнұсқа фотосуреті сақталған. Аталған қорда «Атақты снайпер Әбдібеков Төлеуғали Насырханұлы майдан шебіндегі торауылда» атты фотоқұжаты кездеседі.

Сонымен қатар, осы қорда Әбдібековтың майдандағы фотосуреті мен №ТВ 2916 снайперлік винтовкаға арналған жауынгерлік паспорты (Кеңес Одағының батыры генерал-майор И.В. Панфилов атындағы Ленин орденінің Қызылтулы дивизиясының 8-ші Гвардиялық атқыштар командирі генерал-майор Кулешовтың қолы қойылған) сақталған.

Паспорт мазмұнында былай деп жазылған: «Майданның белгілі снайпері қазақтың біртуар ұлы Әбдібеков Төлеуғали Насырханұлы өз винтовкасымен 397 гитлерлік-басқыншылардың көзін жойған. 1944 жылдың 22 ақпанында Тілеуғали Әбдібеков неміс-фашистерімен болған ұрыс даласында ерлікпен қаза тапты».

Айта кетейік, Қызыл Армия қатарына 1 млн 200 мың қазақстандық шақырылып, олардың әрбір екіншісі қаза болған. Қазақ жерінен барған жауынгерлер барлық шайқасқа қатысты. Қазақстанның жүз мыңнан астам жауынгері Кеңестік социолистік республикалар одағының жауынгерлік ордендері мен медальдарымен марапатталды, 500-ден астам адам Кеңес Одағының батыры атағына ие болды.

Еліміздің бостандығы мен тәуелсіздігі жолында азаматтық және жауынгерлік ерліктері үшін Халық Қаһарманы атағына 30-дан астам адам лайық деп танылды. Олардың ішінде Ұлы Отан соғысына қатысқан  майдангерлерде бар. Бүгінгі күнге дейін қайтыс болғаннан кейін осы ең жоғары дәрежелі ерекшелік белгісін алған тізімдегі батырлар — 1998 жылы 6 мамырда Бақтыораз Бейсекбаевқа, 1999 жылы 7 мамырында Рақымжан Қошқарбаевқа берілді. Аталған жарлықтар Қазақстан Республикасы президенті архивінде сақтаулы.

«Ер есімі — ел есінде» соғыста ерлік пен қайсарлықтың хас үлгісін көрсеткен Төлеуғали Әбдібеков, Александр Несмиянов, Ыбырайым Сүлейменовқа ең жоғары дәрежелі ерекшелік белгісінің берілуі бабаларымызға деген құрметтің белгісі.

Смотрите также:

Предложить новость

Спасибо за предложенную новость!

Надеемся на дальнейшее сотрудничество.


×